Алматы тауларында Wi-Fi орнатылған үйшік пен құтқару пунктері салынады

almaty taularynda wi fi ornatylғan үjshik pen құtқaru punkteri salynady 50f6d14

Алматы тауларында смарт-навигатор, Wi-Fi орнатылған үйшік және құтқару пунктері салынады. Бұл туралы Алматы қаласы туризм басқармасы басшысының орынбасары Мәрлен Маралов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы тауларында Wi-Fi орнатылған үйшік пен құтқару пунктері салынады

Оның айтуынша, биыл тау туристерінің саны 4 есеге артты. Осыған байланысты әкімдік Алматы тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіз әрі жайлы демалуы үшін қажетті жағдайлар жасау жоспарын әзірледі. Таулы маршруттардың шалғай тораптық учаскелерінде жаздың соңына дейін туристерді паналау үшін 15 үйшік салынады.

"Әрбір үйшікте іздестіру, құтқару қызметтері үшін картаға және GPS-координаттарға байланған реперлік бастырма да болады. Төтенше жағдайлар туындаған кезде немесе ауа райының қолайсыз болғанда үйшік туристерге қажетті көмек жиынтығын алуға мүмкіндік береді (алғашқы медициналық көмек жинағы, маршрут карталары, мобильді құрылғыларды зарядтау стансасы, жылы көрпе мен бұзылмайтын азық-түлік жиынтығы).Үйшіктің жанына SOS спутниктік сигналын құтқарушылар пультіне енгізу жүйесі бар діңгектер орнатылады",-деді спикер.

Апат сигналын беруге арналған барлық спутниктік жабдықтар таудағы үйшік конструкциясына біріктіріледі, сондай-ақ Wi-Fi функциясымен жабдықталады. Бұл жүйе шалғай таулы маршруттарда қиын жағдайға тап болған тәжірибесіз, дайын емес туристерге арналған.

Пайдаланушы интерфейсі минималды-дауыстық қоңырау түймесі, бейне қоңырау камерасы мен бірнеше тілдегі нұсқаулар болады.

"Қосымша туристік навигацияның бірыңғай жүйесін құру мен тауға шығуға арналған смарт-навигатор түріндегі қосымшаны іске қосу бойынша жұмыс жүргізіледі. Ол ТЖД базасымен интеграцияланатын болады",- дейді Мәрлен Маралов .

Сонымен қатар, ол биыл Кіші және Үлкен Алматы шатқалдарында 2 бақылау-құтқару пункті салынатынын атап өтті.

Сондай-ақ алғаш рет құрылған 16 адамнан тұратын тау құтқарушыларының жасағы тәулік бойы кезекшілік етеді.

"Тұйықсу" шатқалында қосымша тікұшақ алаңы құрылады.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: