Шетелден келген қазақстандықтар 3 күнге оқшауланады

Қазақстан аумағына шетелден келген ел азаматтары мен ықтиярхат иелері вакцина паспорты болмаса, 3 күнге оқшауланады. ҚР бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына осындай тармақ енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шетелден келген қазақстандықтар 3 күнге оқшауланады

"Қазақстан Республикасының келген азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар Қазақстан Республикасында COVID-19-ға қарсы вакцинация алғаны туралы құжат болмаған кезде ПТР-тест әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарға 3 тәулікке дейін оқшауланады. Зертханалық тексеру үшін материал алуды медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманы жүзеге асырады", — деп жазылған жаңа қаулыда.

Құжат бойынша, COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін теріс нәтижесі бар адамға COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіліп, тиісті қолхат алынады.

"COVID-19-ға зертханалық тексерудің оң нәтижесімен келген адамдар инфекциялық стационарға емдеуге жатқызылады", — деп жазылған Қаулы мәтінінде.

Аталмыш қаулы бүгін, яғни 15 шілде күні сағат 0.00-де күшіне енеді.

Источник stan.kz