Сот Ақтауда кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскен 4 азаматқа үкім шығарды

sot aқtauda kәmeletke tolmaғan қyzben zhynystyқ қatynasқa tүsken 4 azamatқa үkim shyғardy 49574d4

Ақтауда кәмелетке толмаған қызбен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түскен азаматтарға үкім шығарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сот Ақтауда кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскен 4 азаматқа үкім шығарды

Сот жәбірленуші К. өткен жылдың ақпан айында анасымен болған жанжалдан кейін үйінен қашып кетіп, құрбысымен бірге Нұр-Сұлтаннан Ақтауға барғанын анықтады. Онда қыздар айыпталушылармен кездескен. Ер адамдар оларға пәтер жалдап, олардың біреуінің 16 жасқа толмағанын біле тұра жыныстық қатынасқа түскен.

Сот істің материалдары мен мән-жайларын зерттеп, сотталушылардың кінәлілігі объективті дәлелдермен дәлелденді деп есептеді.

Заң бойынша жасалған қылмыс ауырлығы орташа санатқа жатады және қылмыстық жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталмаған жағдайларда, бұл ретте жеңілдететін мән-жайлар болған кезде қылмыстық жаза мерзімінің жартысынан аспайтын жаза тағайындалады.

Сот барлық төрт ер адамды кінәлі деп тапты. Олардың бірі кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түсуіне байланысты педагогикалық лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 11 жылға түрме жазасына кесілді. Сондай-ақ, сот зардап шеккен тараптың пайдасына 5 миллион теңге моральдық зиян өндіріп алу туралы қаулы шығарды.

Қалған үш сотталушы 2,5 жылға бас бостандығынан айырылып, жалпы сомасы 7 миллион теңгеге моральдық зиян өтеуге міндеттелді.

Жаза тағайындау кезінде қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін факторлар ретінде бұрын айыпталушылардың сотталмауы, кәмелетке толмаған балаларының болуы ескерілді. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ", – деп түсіндірді сотта.

Сот үкімдері заңды күшіне енді. Сотталғандардың бірі жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде, үшеуі – қауіпсіздігі орташа дәрежеде өтейтін болады.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: