«Шыдамдылық керек екен»: Нұрболат Абдуллин 14 келі салмақ тастағанын айтты (фото)

shydamdylyқ kerek eken nұrbolat abdullin 14 keli salmaқ tastaғanyn ajtty foto 55f845d

Сахна серілерінің бірі Нұрболат Абдуллин тартымды болып көріну үшін қандай құрбандыққа барғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

"Шыдамдылық керек екен": Нұрболат Абдуллин 14 келі салмақ тастағанын айтты (фото)

Әнші бір кездері артық салмағы болғанын, одан арылу үшін тәтті тағамдардан бас тартқанын жеткізді. 

"Ол кезде талғамайтын кездер еді. Жиырмадан енді асқан шағым. Жолшыбай донер, самсаны сүйкей салып, кешке турник, брусьяда жаттығатынмын. Уақыт өте түсіне бастадым сахнаның өзіндік сәні, формасы барын. 

Тәтті тамақтардан бас тарту үшін үлкен шыдамдылық керек екен. Үйрендік. Қалыпқа келе бастағанда қатарға қосылдым. Артық салмағың болмағаны кей жерлерде абырой болды. Кейде ойлансам кезіндегі қиын шақтар қазір қызық болып көрінеді. 

Бәлкім сіздерге де қызық болар. Жақсы нәрсе көп бөлігінде қиыншылықпен, ниетіңе орай сәттілікпен келеді екен", – деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Айтуынша, ол 13-14 келі салмақ тастаған. Оқырмандары әншінің ерік-жігерінің мықтылығына қайран қалуда.

"Мен үшін бұл пост мотивация", "Жай ғана дене, жай ғана әдемі фотоның астында қаншама еңбек жатыр", "Туріктің актёрынан кем туспейсің. Олар жолда қалады-ау. Сымбатыңа көркің сай ер азаматсың", – деп жазды олар 

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: