Алматылық суррогат ана мүгедек болып қалды

almatylyқ surrogat ana mүgedek bolyp қaldy 1ed7596

Суррогат ана боламын деген Алматы тұрғыны мүгедек болып қалды. Оған әлемді жайлаған коронавирус себеп болған. Бұл туралы Stan.kz "Жетінші арнадағы" "Оян, Qazaqstan" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматылық суррогат ана мүгедек болып қалды

Надежда Нефедова – үш баланы өсіріп отырған жалғызбасты ана. Осы күнге дейін түрлі қиындықты көрген ол үш баласымен құлайын деп тұрған суық үйді мекен еткен. Жағдайын дұрыстау үшін суррогат ана болуға бел байлапты.

"Бала сүйе алмай жүрген таныстарым бар. Келіп, балаларға қараған кезде, оларға қиын шығар деп ойлайтынмын. Қолымнан келіп тұрса, неге көмектеспеске деген ой келді. 

Екінші жағынан, олар маған ақшалай көмектесер еді. Ол ақшаға үйімді жөндеп немесе басқа үйге көшер едім", – дейді Надежда ағынан жарылып. 

Надежданың қалауын естіген бір құрбысы оған суррогаттық ана жалдайтын агенттік туралы айтқан. Надежда да көп ойланбастан, тәуекелге баруды жөн көріпті. Ал суррогат ананың көмегіне
жүгінгісі келетін жұпты кейіпкеріміз ұзақ іздемеген. 

"Мен оларды бағдарлама арқылы таптым. Көптен бері бала сүйе алмай жүрген жақсы адам екенін естідім. 5 айға дейін барлығы жақсы болды. Сосын…" – деген Надежда сөзін жалғай алмай, жылап қалды.

Содан кейін Надежда коронавирус жұқтырып алған. Дәрігерлер жеңіл түрі деп Надежданы үйде емдеген. Ал кезекті тексеріс кезінде дәрігер оған шұғыл операция қажет екенін айтқан. Коронавирус Надежданың өкпесін ғана емес, бауыры мен бүйрегін де зақымдапты.

"Өкпем 92 пайызға қабынған, бауырым мен бүйрегім нашарлаған. Іштен қан кеткен. Сол күні 2 литрден аса қан жоғалттым", – деп еске алады Надежда.

Дәрігерлер не ананы, не іштегі егіз баланы құтқаруға болатынын жеткізген. Ал суррогат ананың қызметіне жүгінген отбасы 5 айлық балалардың адам болатынына күмәнмен қарап, Надежданы аман алып қалуды сұраған. 

Надежда тірі қалғанмен, өкінішке қарай, енді бала сүйе алмайды. Денсаулығына зақым келтіріп алған ол әлі де ем қабылдауда. 
Ел алдына шығуының себебі де сол, ақшалай көмек сұрап отыр. Өзі 3 келіден ауыр зат көтеріп, қатты қозғала алмайды.

Ол суррогат ананың көмегіне жүгінгісі келетін отбасымен алғашқыда 4 миллион теңгеге келіскенін жасырмай айтты.

Источник stan.kz

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: