«Тамыз айында шыңы болады»: Цой коронавирус жұқтыратын адам санына болжам жасады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың жаңа болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Тамыз айында шыңы болады": Цой коронавирус жұқтыратын адам санына болжам жасады

"Эпидемиологиялық жағдайды (КВИ "Дельта" штаммының белсенді таралуын) және вакциналаумен қамтуды ескере отырып, министрлік эпидемиологиялық жағдайдың болжамын жаңартты. Осылайша, пессимистік сценарийде 2021 жылдың шілде-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлар саны шамамен 400 мың адам (орташа есеппен тамыз айында 6 мың жағдайдан жоғары) болмақ", – деп жазды министр facebook парақшасында.

“Екінші реалистік сценарий бойынша, 2021 жылғы шілде-қыркүйекте тіркелген жағдайлар болжамды саны шамамен 355 мың адам (орташа есеппен тәулігіне тамыз айында 5,3 мың жағдайдан жоғары) болмақ. "Ал оптимистік сценарий бойынша, 2021 жылдың шілде-қыркүйек айларында тіркелген жағдайлар саны шамамен 330 мың адам (орташа есеппен тамыз айында ең жоғары жағдай – тәулігіне 5 мыңға жуық) болуы мүмкін", – деп толықтырды Цой.

 

Источник stan.kz