Ұйықтап жатқан: Өскеменде саяжайдағы өртте 45 жастағы азамат жанып кеткен

Өскеменде саяжай өртеніп, үй иесі қаза тапты. 45 жастағы азамат түтінге тұншығып, денесін күйік шалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды. 

Ұйықтап жатқан: Өскеменде саяжайдағы өртте 45 жастағы азамат жанып кеткен

Тілсіз жау жұрт шырт ұйқыда жатқанда тұтанған. Оқиға орнына жедел жеткен төтеншеліктер үй иесінің мүрдесін сыртқа шығарып үлгерді. Артынша газ баллоны жарылып, алапат өртке ұласқан.

Төңірекке ұшқан шоқтан үйдегі заттар мен қора-қопсы түгел жанып кетті. Гаражда тұрған автокөлік те күлге айналған. Тіпті ұйытқыған желдің екпінімен қызыл жалын көрші-қолаңды да шарпый жаздады. Абырой болғанда өрт сөндірушілер жалынмен алты сағат бойы алысып, өзге саяжайларды аман сақтап қалды.

Источник stan.kz