Тоқаев ШҚО-ға қысқамерзімді демалысқа кетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13-16 шілде аралығында төрт күндік қысқамерзімді демалыста болады. Бұл туралы президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев ШҚО-ға қысқамерзімді демалысқа кетті

"Мемлекет басшысы 13-16 шілде аралығында төрт күндік қысқамерзімді демалыста болады. Қасым-Жомарт Кемелұлы демалысын еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы аумағында өткізіп жатыр. Президент елордаға сенбі күні оралады", – деп жазды Берік Уәли. 

Источник stan.kz