Теміртауда көшеде пышақтасқандардың видеосы бейнебақылауға түсіп қалған (видео)

Теміртау қаласында белгісіз ер-азаматтар арасында төбелес орын алып, оның аяғы пышақ жарақатын салумен аяқталды. Оқиға бейнежазбаға түсіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Теміртауда көшеде пышақтасқандардың видеосы бейнебақылауға түсіп қалған (видео)

Оқиға Теміртау қаласындағы ықшамаудандардың бірінде болып, бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жазбадан екі ер адам алдымен көшеде қалай төбелесетінін, содан кейін оларға тағы бірнеше белгісіз тұлғалардың қосылатынын көруге болады. 

Нәтижесінде ұрысқа қатысушылардың бірі қолын өз қарсыласына қарсы сілтеп пышақ жарақатын салуға ұқсайтын әрекет жасайды. Осыдан кейін оқиғаға қатысушылар жақын жерге қойып қойған көліктеріне мініп, асығыс кетіп қалады. Мұның барлығы балалар мен жасөспірімдердің көз алдында болады. Жасөспірімдердің екеуі осы сәтте жарақат алып тұрғысы келген адамға көмек қолын созуға келеді.

Оқиға орнынан түсірілген жазба әлеуметтік желілерде жарияланған. Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны зерттеп, арнайы түсініктеме берді. Департаменттің мәліметінше, бұл оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталған.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Басқа ақпараттар Қылмыстық іс жүргізу кодексінің Қазақстан Республикасы 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.   
 

        Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от instavideo_kaz ❇️ (@instavideo_kaz)

 

Источник stan.kz