Әйелін жерлеу рәсімі кезінде күйеуі адам сенгісіз жайтты байқап қалды

Таиланд тұрғыны әйелін тірідей өртеніп кетуден құтқарып қалды. Ол кремациялауға дайындау кезінде жарының тыныс алып жатқанын естіп қалған. Дәрігерлер ол үш күн бұрын көз жұмғанын айтқан, деп хабарлайды Sun басылымы.

Тэвин Сопаджорнның айтуынша, ол әйелінің қабағы сәл қимылдағанын байқап қалған.

Қоштасу рәсімі кезінде Тэвин Сопаджорн әйелінің жанына соңғы болып барған. Мәйіттің тыныс алғанын естігенде, сенбей, елес деп ойлаған.

БАҚ-тың хабарлауынша, әйел ұзақ уақыт бойы қалқанша безінің сырқатымен ауырған. Дәрігерлер оның «көз жұмғанын» анықтаған соң, денесі үш күн бойы будда храмының суық бөлмесінде жатыпты.

Оқиға орнына жеткен дәрігерлер әйелдің жүрегі соғып тұрғанын анықтап, ауруханаға жеткізді. Қазір 70 жастағы әйел дәрігерлер бақылауында. Жағдайы ауыр.

sputniknews.kz

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Qazbrand.info әлеуметтік желісіне бөлісу