Алматыдағы төбелес видеоға түсіп қалды

Алматыдағы жаппай төбелестің видеосы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде жарияланды. Оқиға қарашаның 1-нен 2-сіне қараған түні Желтоқсан көшесіндегі караоке-барда болған.

Видеода адамдардың арасында екі жігіттің бір-бірін итеріп тұрғаны көрінеді. Әйелдердің айғайлаған даусы естіледі.

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі төбелескендердің ешқайсысы арыз жазбағанын айтты. “102” нөміріне де ресми өтініш түспеген.

“Видео жарияланған соң Бостандық ауданы полициясының басқармасы Қылмыстық кодекстің 293-бабы (“бұзақылық”) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Төбелескендердің бәрі анықталатын болады. Кейін заңнамаға сәйкес шара қолданылады “, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұл бап бойынша ірі көлемдегі айыппұл немесе екі жылға бас бостандығын шектеу шарасы қарастырылған.

Бүгінгі жаңалықтар