Әскери ортада құқық бұзушылыққа орын жоқ

Әскери ортада құқық бұзушылыққа орын жоқ

Әскери қызметшілердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Аягөз гарнизонының материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінде әскери полиция маманының қатысуымен жиын өтті.

Аталмыш шараның негізгі мақсаты – жеке құрамға профилактикалық сабақтар өткізу арқылы әскери қызметкерлер арасында қылмыстың алдын алу және оны болдырмау.
Жиын барысында Аягөз қаласының Әскери полиция бөлімінің патрульдік-посттық бөлімшесінің бастығы әділет майоры Азамат Қалиев құқық бұзушылыққа тосқауыл болатын осындай шаралар жақсы нәтиже беретінін және үнемі басты назарда екенін тілге тиек етті.

Әскери ортада құқық бұзушылыққа орын жоқ
Сонымен қатар, әскери полиция өкілі бөлімнің жеке құрамына 2020 жылғы тіркелген әскери қылмыстың статистикалық көрсеткіштеріне тоқталып өтті. Заңға қайшы оқиғалардың деректерін келтіріп, әскери қызметшілерді мұндай қадамға бармауға шақырды.
— Әскери қызметшілермен құқық бұзушылық мәселелерінің алдын алу мақсатында қанша сабақтар мен кездесулер өткізілсе де аздық етпес деп ойлаймын. Себебі, осындай шаралар оң нәтижеге жетуге ықпал етуде, — деді материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің командирі полковник Талғат Оразбаев.

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі