Сақ жүрсең, сау жүрерсің!

Аягөз гарнизоны

Жаз мезгілі келіп, суға түсу маусымы басталғалы рұқсат етілмеген жерлерде суға шомылатындардың қатары көбейген. Осыған байланысты Аягөз гарнизонының Әскери полиция мамандары әскери қалашықтың учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып Аягөз өзенінің жағалауларында арнайы рейд жұмыстарын ұйымдастырды.

Бұл рейдтік іс-шараның негізгі мақсаты – адам өмірін түрлі қатерден арашалау болып табылады. Сала мамандары суға шомылу маусымы кезінде қайғылы жағдайларды болдырмау үшін қауіпсіздікті басты назарға ұстануға шақырады. Олардың айтуынша, қатердің көбі табиғат аясында бейғамдықтан және балаларды су жағасында қараусыз қалдыру кесірінен болады дейді.
Рейд барысында демалушыларға суға шомылу кезіндегі ережелерді түсіндіріп, жадынамалар таратылды. Дегенмен, ережені елемейтіндер да аз емес.
— Суға шомылушыларға сақ болуды және балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймын. «Сақтықта қорлық жоқ» демекші, алдағы уақытта да адам өмірін ажалдан құтқарып, төтенше жағдайлар болдырмас үшін ұйымдастырылатын рейдтер өз жалғасын таппақ, — деді Аягөз гарнизоны Әскери полиция бөлімінің патрульдық- посттық бөлімшесінің офицері капитан Қуаныш Досанов.

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі