Жас сарбаздықтар аттестат алды

Жас сарбаздықтар аттестат алды

Осыдан бес жыл бұрын Аягөз қаласы №6 орта мектебінен «Жас сарбаздар» ұйымының қатарына қабылданған алғашқы 24 оқушы орта мектепті тәмәмдап, аттестат алды.

Бүгінде елімізде жігерлі жастардың күш-жігерін жаңа бағытқа бұрған «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының жұмыс істеп келе жатқаны көпшілікке мәлім.

Жас сарбаздықтар аттестат алды

Жас сарбаздардың мектеп бітіру кешіне Ауған соғысының ардагері Айтын Қыдырханұлы, Аягөз қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім бастығы подполковник Сабыржан Айтқазин және мекеме басшылығы мен мектеп оқушылары қатысты.

Жас сарбаздықтар аттестат алды

– Ержүрек, ұлтжанды азамат болу үшін терең білім мен мықты тәрбие қажет. Мемлекеттің болашақта тізгінін ұстайтын парасатты ұрпақ ретінде асар асуларыңыз биік, армандарың айқын, қадамдарыңыз нық, өмірлік жолдарыңыз ақ болсын!, – деп мектептің директоры Лазат Тұрсынқызы ақ тілегін білдіріп, шәкірттерінің білімде және спорттағы үздік жетістіктері туралы баяндады.
Ендігі кезекте түлектер үшін қуанышты сәт – аттестат тапсыру рәсімі болды. Мектеп бітіру кешіне арнайы келген қонақтар оқушыларға жүрекжарды лебіздерін арнап, салтанатты түрде орта мектепті бітіргені жөнінде аттестаттарын табыс етті.
Аталмыш шара соңында оқушылар өздерінің өнерлерін көрсетіп, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Мерекелік шара барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, ашық аспан астында ұйымдастырылды.

 

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі