Зейнетақы қаражатын пайдалануға жаңа шектеулер енгізіледі

Зейнетақы

Қазақстанда зейнетақы қаражатынының артығын пайдалану ережелеріне өзгерту енгізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа шектеулер әзірленіп, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың 2021 жылғы 21 қаңтардағы №24 бұйрығына енгізілді.

Атап айтқанда, біржолғы зейнетақы төлемдерін алушының жұбайынан, жақын туыстарынан жылжымайтын мүлік сатып алуға пайдалануға жол берілмейді. Осы тармақтың орындалуын бақылау мақсатында алушы жеке кабинетте біржолғы зейнетақы төлеміне электрондық өтініш берген кезде аталған тұлғалардан жылжымайтын мүлікті сатып алмау туралы міндеттемеге қол қояды. [Толығырақ…]