11 жасар қыздың педофилден қашып құтылған сәті видеоға түсіп қалыпты

қыздың

Он бір жастағы қыз арам пиғылды ер адам өзін ұрлап кетпек болған кезде автобус күтіп отырған

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. АҚШ-тың Флорида штатында ер адамның баланы ұрлау әрекеті видеоға түсіп қалған. Полиция күдіктіні ұстады.

Бұл туралы РИА Новости Эскамбиа округінің шериф кеңсесінің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

Бұған дейін округ полициясы Facebook парақшасында 18 мамырда түсірілген видео жариялады. Ол жерде ер адамның көлігінен түсіп, 11 жастағы қызға жүгіріп барғаны, оны көлікке күштеп отырғызуға тырысқаны түсірілген.

Автобус күтіп тұрған қыз қарсылық көрсетіп, қашып үлгерді.

Кейіннен полиция кішкентай қызға шабуыл жасаған адамды ұстады. Ол баланы ұрлауға ұмтылу, шабуыл жасау және ұрып-соғу әрекеті бойынша айыпталды.

Округ полициясы шерифінің сөзінше, ұсталған ер адамда пышақ болған. Сондай-ақ оның бұрын балаларға қатысты жыныстық қылмыс жасағаны анықталды.