Шымкентте дәмханада атыс болды

Полицейлерді аяғынан тік тұрғызған қарулы  қақтығыстан бір адам мерт болды. Тағы 4-уі дене жарақатымен ауруханаға түскен. Қазір дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін барын салуда. Ал, тәртіп сақшылары оқиға орнынан екі қымбат автокөлік пен іші ақшаға толған сөмке тауып алғандарын айтады. Сонымен, кім кімді атты? Күдіктілер қазір қайда? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Оқыс жағдай түс ауа Арғынбеков көшесі бойындағы мына бір кафеде болған. Куәгерлердің сөзінше, белгісіз екі жігіт осында отырған бір топ адамға қарай қарумен бірнеше мәрте оқ атқан. Артынан мылтықтарын тастай сала, өздері қаша жөнелген. Қарулы қақтығыстан оқиға орнында бір адам көз жұмды.

Атылғанын естідім. Басқа ешнәрсе білмеймін. Қожайыны келді де қарамаңдар деп балаларды кіргізіп жіберді. Мұндай жағдай болған емес.

Аяқ асты болған сұмдық жәйттен кафеде жұмыс істейтін қызметкерлер де абдырап қалғандарын айтады. Бірақ, оқиғаның қалай өрбігенін камераға  айтпады. Білуімізше, марқұмнан бөлек, тағы 23, 30, 32 және 35 жастағы 4 жігіт жараланыпты. Оның екеуіне шұғыл операция жасалды. Бірінің желкесі мен шүйдесіне оқ тиген. Ал екіншісінің ішкі құрылысын мен тоқ ішегін оқ жарақаттап өткен. Қазір екеуі де жансақтау бөлімінде. Ал қалған екі азаматтің бірі трамватология, екіншісі хирургия бөлімінде ем қаблдауда, дейді дәрігерлер.

 

ӨТКІРЖАН МОЛДАХАНОВ СНХ ӨТКІРЖАН МОЛДАХАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ №1 КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

Бірінші түскен науқас 1984 жылғы. Ол кісіде оқ жарақаты терең болғандықтан жағдайы ауыр дәрежеде. Қалған үш науқастың жағдайы жалпы айтқанда орташа ауырлықта деп айтуға болады.

Дәрігердің көмегіне кафе қожайыны да жүгінген екен. Ол атыс кезінде екінші қабаттан секіріп кетіп, аяғын ауыртып алыпты. Полицейлер атыс болған жерден ату құралдарын тапқан. Айғақты заттар сараптамаға жіберіліпті.

 

ЕРАЛЫ ЖҰМАХАНБЕТОВ СНХ: ЕРАЛЫ ЖҰМАХАНБЕТОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Ол қылмысты істеген адамдар белгілі. Анықталды. Қазір ұстау шаралары жүріп жатыр. Жақын арада ұсталса әрқайсысы өз жазаларын алады. Оған сеніңіздер.

Қылмыстың тездетіп ашылуына, күдіктілердің қолға түсуіне жарақат алған жігіттер көмектесуі мүмкін. Айтпақшы, атыс болған сәтте, кафенің алдында қымбат маркалі екі көлік тұрған. Тәртіп сақшылары оның бірінің салонынан сөмке толы теңге мен доллар тапқан екен. Қазір, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Qazbrand.info әлеуметтік желісіне бөлісу