Наурыз мейрамында жалаңаштанып тамақ пісірген қыздар сотталды – видео
Желі қолданушыларының көпшілігі қыздардың Наурыз мейрамындағы бұл әрекетін сынға алды. Сот үш әйелді 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды
Мерекелік тағамды әзірлеу процесінің бейнежазбасы әлеуметтік желіде жарияланды.
Хорезм облыстық телерадиокомпаниясының репортажында видеоға түсірілген жағдай «өзбек ұлтының, өзбек әйелінің ар-намысына тиетіні» айтылған.
Кейінірек «Сахара» түнгі клубының қызметкерлері халықтан кешірім сұрады.
«Кешірім сұраймыз, білместіктен істедік», – дейді видеодағы қыздар.
Тағы үш әйелге 1,22 миллион сум (49 000 теңгеге жуық) айыппұл салынды. Сот олардың балалары бар екенін ескерген.
Айта кетейік, сумалак – Наурызда өзбектердің сүйсіне әзірлейтін, тамсана жейтін асы. Әрі пайдалы, әрі дәмді, әрі денеге қуат беретін бұл тағам Қазақстанда аса танымал емес.