«Мектептер де қайта жабыла ма?» 13 наурыздан бастап карантин қайта күшейтіледі

карантин

Алматы қаласының Білім басқармасы карантин жағдайында оқушылардың білім алу тәртібі туралы бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысын түсіндірді. /aikyn.kz/

«Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты, 13 наурыздан бастап Алматыда оқушылар онлайн режимге қайта көшеді», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматыда 43-тен астам мектеп дәстүрлі білім алуға көшкен болатын. Қалада жалпы 287 мың оқушысы бар 278 мектеп бар. Оның ішінде 270 мың оқушыға білім беретін 207 – мемлекеттік және 17 мың оқушысы бар – 17 жекеменшік білім ошағы.

10 наурызда Алматы коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа енді. Қалада 13 наурыздан бастап карантин шаралары күшейеді.

Алматының Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мектеп сыныптарында оқушы саны 25-ке жеткізілмеуі тиістігін айтты.