Төреғалидің әйелі: «Өзіңіздің перзентіңізді білуге бармайсыз менімен, ал ол үшін барасыз»

Төреғалидің әйелі

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлінің әйелі оны кімнен қызғанғаны туралы бар шындықты айтты. Толқын Тұрарбекқызы жолдасы кинода актриса Мадина Оспановамен ерлі-зайыптыларды сомдағанда жылап қалғанын растады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Ұлы дала баласының» жары оны фильмдегі «әйелінен» қызғанғанын мойындады. Төреғалидің кинода бала жынысын анықтауға барғаны Толқынның көңіліне қаяу түсірген. Ол шынайы өмірде өз перзентін білуге бармайтын жолдасына өз өкпесін жеткізген. Алайда, жұлдызды әулеттің келіні бүгінде реніші орынсыз болғанын түсініп, ол күндерді күлкімен еске алатынын айтты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tolkyn Turarbekkyzy (@tolkynturarbekkyzy)

Дегенмен, Толқын Тұрарбекқызы отағасымен бесінші сәбиінің жынысын анықтау үшін арнайы үлкен шара ұйымдастырды. Ерлі-зайыптылар «гендер-пати» деген нәрсені алғаш рет өткізуде. Айта кету керек, көпбалалы ата-ана жақында тағы да ұлды болмақ.

«Аллаға сансыз мадақтар. Бұл перзентімізді жаңадан ата-ана атанатындай ерекше күтіп жүрміз! Жалпы басынан бастап, 4 перзентімде болмаған токсикоз, үйдің емес сырттың тамағына жерік болып жүрмін. Шынымды айтсам, бұл жүктілігімде отағасы қасымда, оның өзі бөлек қолдау екенін қазір түсінемін! “Ұлы дала комедиясын” көргендеріңіз болса білетін шығарсыздар,ішінде Мадина сомдаған басты рөлдегі келіншегімен отағасы, узиге барып, бала жынысын біледі ғой. Соны көріп мен жылап қалғанмын, қызғанып та үлгергенмін, «өзіңіздің перзентіңізді білуге бармайсыз менімен, ал кино үшін барасыз» деп. Әйтпесе ол кино еді ғой. Қазір күлкім келеді. Алла ол қуанышты, ол бақытты сәттің дәмін татуды осы перзентімізбен нәсіп еткен екен! Аллаға сансыз шүкірлер» , — деп жазды Толқын Instagram парақшасында.