Нұрлан Қоянбаев ЖАҢА ФИЛЬМНІҢ тұсауын кеспекші

Өйткені, кино АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласында түсіріліпті. Оның ғашығы ретінде елімізге танымал актриса Әсел Сағатова ойнайды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бір жылдан бері түсіріліп жатқан киноның қазір отыз пайыз жұмысы қалыпты. Осы уақытқа дейін тек комедиялық киномен танылған Нұрлан Қоянбаев бұл жолы да өз бағытынан таймаған. Ең бастысы, үкіметке алақан жаймай, өз қаражатыма сенемін дейді. Әдеттегідей фильмді шетелде түсірген. АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласы мен Алматының әсем табиғаты көрініс табады. Бұл әзілкештің басты «фишкасы» іспетті.

 

НҰРЛАН ҚОЯНБАЕВ ПРОДЮСЕР

«Біз әрбір киномызда көрерменге саяхат жасап беруге мүмкіндік береміз. Қазақтар Африка, Корея, Америкада деп. Жылпы жаман емес көрермен басқа ұлттармен қалай кездеседі әзілдері қалай болады деп салыстырмалы түрде бұл жерде көрермен ұтады деп ойлаймын. Бұрыннан ойнап келе жатқан Кери Тагава, Такси-3 ойнаған Байлинг, қытайдың актері, Жаһан деген бауырымыз, Жанель Макажан».

Шетелдің танымал актерлерінің бәрі тегін түсуге разы болған. Бірақ, соның өзінде фильмге 300 мың АҚШ доллары жұмсалыпты. Романтикалық комедияда Нұрлан режиссер жігіттің, Әсел дәрігер жас қыздың рөлін сомдап, кездейсоқ кезігіп, арты махаббатқа  ((БЕГ-2))

Шетелдің танымал актерлерінің бәрі тегін түсуге разы болған. Бірақ, соның өзінде фильмге 300 мың АҚШ доллары жұмсалыпты. Романтикалық комедияда Нұрлан режиссер жігіттің, Әсел дәрігер жас қыздың рөлін сомдап, кездейсоқ кезігіп, арты махаббатқа ұласады. Сағатова сценарийді оқымай-ақ, Қоянбаевтың киносына түсуге бірден келісім бергенін айтады.

 

ӘСЕЛ САҒАТОВА АКТРИСА

«Айсұлу өте көңілді қыз. Шындықты сүйетін, өтірікті жек көретін өте жақсы қыз. Санжар деген жігітке ғашық болып, соңынан АҚШ-қа тосын сый жасап ұшып кетеді. Қызықтың бәрі сонда басталады. Негізі, киноның желісін айтқаннан гөрі, көрген дұрыс».

Фильм арқылы жастарды өтірік айтпай, шыншыл болуға шақырамыз дейді әзілкеш. Көрерменге көңіл-күй сыйлап, зілді әзілмен ой салмақ. Алайда, фильмнің өз құнын ақтауы екі талай екен. Осыған дейін түсірген біраз дүниесінен ұтылса да, бұл өзінің хоббиі көрінеді. Ал, Менің махаббатым Айсұлу атты кино 2020 жылдың көктемінде көрерменге жол тартпақ.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Qazbrand.info әлеуметтік желісіне бөлісу