Минус 30 градусқа дейін суытады: Қазақстанға аяз келе жатыр

Қазақстан

«Қазгидромет» синоптиктері 12 наурыз күні ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарында ауа температурасы түнде 30 градус аязға дейін төмендейді», — делінген хабарламада.

12 наурыз күні түнде Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады. 12-13 наурызда кей жерлерде тұман түседі.

13 наурызда оңтүстік-батыс желі солтүстік-шығысқа ауысып, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді,  екпіні – 25 м/с.