Қазақстан коронавирустың «сары» аймағынан шықты

коронавирус

9 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлерінде эпидемиологиялық ахуалды бағалаудың матрицасы жарияланды.Sputnik

Бір тәулік ішінде өңірлердегі эпидемиологиялық жағдай қатты өзгерген жоқ.

  • «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстары.

Қалған өңірлер «жасыл» аймақта тұр.

«Қызыл» аймақта бірде-бір өңір жоқ.

Қазақстанның өзі «сарыдан» «жасылға» ауысты.

Еске салсақ, кеше, 8 наурызда республика «сары» аймақта болған еді.

Өткен тәулікте елде 571 адамнан коронавирус анықталды.