«Анасы мен төрт баланың өлімі»: Оқиға жайлы жаңа деректер айтылды

Оқиға жайлы жаңа деректер айтылды

Түркістан облысында көз жұмған әйел мен оның балаларының өлімі жайлы жаңа деректер айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық ПД басшысының бірінші орынбасары Әбдуғани Сейдуалиев құтқарушыларға  қайғылы оқиға жайлы ақпарат 27 ақпанда кешкісін келіп түскен. Опат болған әйел Гүлнәз Болатова базарда жұмыс істейді екен.

«Сенбі күні Гүлнәз Болатованың жанындағы әріптесі оның жұмысқа келмей қалғанын анықтаған. Күндіз саудагер баласын Гүлнәздың үйіне жіберген, алайда ол үйде ешкім жоқ екенін айтып келген. Кешкісін әріптесі күйеуін жіберген. Ер азамат жанып тұрған жарықты байқап, терезеден қараса, Гүлнәз жерде естүссіз жатқан», — деді Сейдуаливе.

Сөзінше, әйел ұйқыға жатпаған, себебі оның үстінде үй киімі болыпты. ‘

 

«Біздің ойымша, әйел пешті қосқан. Содан кейін отбасы кешкі асты ішкеннен кейін уланған. Марқұмдардың әрқайсысы әртүрлі бөлмеде болған. Шамамен олар кешкі сағат 7-8 көз жұмған», — деді ПД басшысының орынбасары.

Қазіргі таңда «Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғандықтан екі не одан да көп адамның өлімі» бабы бойынша тергеу жүргізілуде.

Марқұмдарға сот сараптамасы жасалғаннан кейін туыстарына жерлеуге беріліпті. Қазіргі таңда мәйіттерді жерлеуге арнайы көлік жұмылдырылған.

Облыстың мемлекеттік қызметкерлері бір күндік жалақыларын марқұмдардың жақындарына материалдық көмек ретінде 7 миллион теңге жинап бермек.

Оқиға орнына төтенше жағдай, полиция, газға жауапты қызметкерлерімен тексеру жүргізілген. Тексеру барысында үйдің 3 бөлмеден тұратыны, онда камин түріндегі пеш (Иран пеші) орнатылғаны анықталған.

«Пешті мұқият тексеру барысында орнатылған пешке гофрленген бұрғыш қосылғаны анықталды. Ол 1,5 метр қашықтықта қабырғадағы тесік арқылы көшеге шығарылған. Сыртқы жағынан гофрленген розетка 5-7 см ғана құрайды, осылайша қатты желдің әсерінен пештегі тартылыстың нашарлауына ықпал етіп улы газ бөлме ішіне тарауына әкеп соғуы мүмкін», – деді облыстық ТЖД басшысы Нұрғали Жүнісов.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында анасы мен оның төрт баласының көз жұмғаны айтылған еді.