«Сұмдық» деп жазды әнші: Төреғали Төреәлінің әйелімен ажырасып кеткені рас па?

Төреғали Төреәлінің әйелімен

Әнші Төреғали Төреәлі мен жары Толқын ажырасып кетті. Дәл осындай мазмұндағы ақпарат желіде желдей есті. Бұған қатысты Төреғалидің өзі пікір білдірді.

Төреғали әйелімен ажырасып кетті деген тақырыппен ақпарат тарады. Бұл ақпарат әншінің де құлағына жеткен. Желідегі парақшасында Төреғали мұның жалған ақпарат екенін айтып, жағасын ұстады.

«Сұмдық» деп жазды әнші.

Инстаграмның Stories бөлімінде көпшіліктен жалған ақпарат жазғандарды қалай жазалауға болатынын сұрады. Кейіннен ол үшін ешкімді жазаламайтынын айтты.

Әнші өзі жайлы жалған ақпарат таратқандарды кешіретінін айтып, өзі де көптен кешірім тіледі.

«Мен бүгін келеді кешіргім,
Біреуді емес, бәрін де кешірдім.

Көріп тұрып — көрмегенді де,
Біліп тұрып — білмегенді де.
Жаныңа жақын тартқанмен,
Көңілін бөлмегенді де.
Кешірдім.

Шындыққа — сенбегенді де,
Ойларын — жеңбегенді де.
Түсінуге тырысып, сырды ұғып,
Тереңге — еңбегенді де.
Кешірдім.

Іздесең — келмегенді де,
Қол ұшын — бермегенді де.
Барлығын біле тұрғанмен,
Әдейі — көрмегенді де.
Кешірдім.

Аяқтан шалып — құлатқанды да,
Жаныңа тиіп — жылатқанды да.
Бетіне күліп қарап, бірақ та,
Өсек айтуды — ұнатқанды да.
Кешірдім.

Ренішпенен мына фәни өтпесін,
Алла бізді иманды жан еткесін.
Кешіріңдер қатем болса мені де,
Ешбір күдік ойымызда кетпесін.

Кешірдім, бәрін де кешірдім,
Сендерде мені кешіргің», — деп жазды Ұлы дала баласы.

«Бағың жанып, өркендей бер, балам! Бойыңа Алла барлық талантты берген біртуар азаматсың! Абыройың асқақтай берсін, жарқыным!», «Дәл осылай «Төреғали ажырасты» дегенді де кешіре сал», «Кешіріміңіз қабыл болсын!», «Біреуді өсектейтіндер не табады екен?», «Біреудің өмірі біреуге не керек?», «Рас па келіншегіңмен айырылысып жатқаның, әлде пиар ма?», — деп жазды желідегілер.

Әнші бірер уақыттан соң жарымен түскен суретін жариялап, пікір жазды.

«Әппақ таза жүрегіңнен айналдым, мейіріммен соғып тұрған бүлкілдеп!», — деп сөзінің нүктесін қойды.