«Үкімет жасаған жалған қар»: Жасанды қар туралы ақпарат тарады

жалған қар

Американың бірнеше штатына қатты қар жауып, күрт суып кетті. Тіпті, жүздеген мың тұрғын жарық пен жылусыз қалды. Бұған күдіктенген адамдар рекордтық жауын-шашынның ел күтпеген себебін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желі қолданушылары жауған қарды «үкімет жасаған жалған қар» деп бейнероликтер тарата бастады. Жасанды қар туралы қастандық теориясының жақтаушылары Техас штатында ауа-райынан ең көп зардап шеккен. Олардың пікірінше, жалған жауын-шашын американдық элитаның, атап айтқанда Билл Гейтстің ойлап тапқаны. Кейбір американдықтар өз теорияларын әртүрлі тәжірибелер арқылы дәлелдеуге тырысады.

Сонымен, роликтердің бірінде американдық тыңыздалған қарды шамға апарады, ол қарая бастайды. Тағы бір қыз дәл осындай трюк жасап, Гейтске: «бұл нағыз қар екенін айтып, бізді алдауға тырысқаныңыз үшін рахмет», — дейді.

Қастандық теориясының тағы бір жақтаушысы микротолқынды пеште қардың жарқылдайтынын айтады. Оның пікірінше, мұндай қарда металл бөлшектері бар.