Тоқаевтың жаңа Clubhouse желісінде жеке парақшасы жоқ. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.
"Clubhouse әлеуметтік желісінде Қазақстан Президентінің атымен байланысты бірқатар жалған аккаунт пайда болды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл платформаға тіркелмегенін ресми түрде хабарлаймын. Мемлекет басшысының Twitter-де @TokayevKZ және Instagram-да @Tokayev_Online деген екі ғана аккаунты бар екенін тағы да ескерткім келеді", - деп жазды Facebook-те.
Айта кетейік, қазіргі Clubhose желісінің танымалдылығы артып келеді. Жаңа әлеуметтік желіде бірқатар танымал тұлғалармен тікелей әңгімелесуге болады. Clubhose-тың танымал қолданушылары арасында Tesla және SpaceX компанияларының басшысы Илон Маск және Facebook әлеуметтік желісін құрастырған Марк Цукерберг бар көрінеді.