«Димаш алғашқы мың адамға 10 мың доллар береді»

Димаш Құдайберген

Димаш Құдайбергеннің Facebook-тегі жалған парақшасында әнші мың адамға 10 мың доллардан таратады деген ақпарат шықты. Бұл үшін жазбаның астында пікір қалдыру керек делінген. /sputnik.kz/

Бұл ақпараттың жалған екенін түсіну қиын емес.

Біріншіден, әлеуметтік желідегі парақша тек бір күн бұрын ашылған. Димаштың суреттері мен бірнеше жыл бұрын түсірілген бағдарлама роликтері жүктелген.

«Алғашқы мың адам $ 10,000 алады. Бұл рас екеніне сеніңіздерші. Бұл бұған дейін біздің ұтыста олжалы болмағандарға арналған», — деп жазылған Facebook-те.

Екіншіден, бұл ақпаратқа сенгендерді тіркелу үшін фишингтік сайтқа жібереді. Ол жерде банк картасының мәліметін көрсету керек. Мақсат — банк есепшоттарындағы қаражатты қолды ету.

Жазба жарыққа шыққан кезде тұрғындар 5 мыңнан аса пікір жазып, Димашқа жылы лебізін білдірген. Қанша адам фишингтік сайтқа өтіп, мәліметін қалдырғаны белгісіз.