“Жаным ауырып кетті”: Жазира Байырбекова қандай шешім қабылдағанын айтты

Жазира Байырбекова

Әнші Жазира Байырбекова жануар терісінен жасалатын тондардан бас тартатын болды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды. Sputnik

“Кешіріңіздерші. Мен енді жануарларды қинап, терісін тірідей сыпырып жасайтын шубаларды сатып алмаймын. Қалай жасайтынын көрсеткен видеолар көріп жаным ауырып кетті”, – деді әнші.

Ол мұндай тондарға жарнама да жасамайтынын жеткізді.

“Болашақта құдаларыма да сатып алып бермеймін, сыйлыққа да алмаймын. Алланың жан бітіргендерінің жанын қинауға үлес қосқым келмейді”, – деді Байырбекова.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жазира Байрбекова (@zhazira_bairbekova)

Әншінің оқырмандары да мұндай шешімді қолдап отыр.

“Тон кимесе, жұрт жалаңаш қалмайды”, “Әрине, обал ғой”,  “Жүрегіңіз жұмсақ екен, дұрыс айтасыз обал. Мен де видеоларды көріп, жүрегім ауырып кетті”, – деп жазды қыз-келіншектер.

Бүгінгі жаңалықтар