«Мәжбүр екен…» Димаш Құдайберген Қазақстаннан кетеді

Димаш Құдайберген

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің шығармашылығын әрі қарай дамыту үшін АҚШ-қа көшуге мәжбүр. /kznews.kz/

Әнші Кевин Кенниге MTV USA арнасына арнап ағылшын тілінде сұхбат берді. Әңгіменің тоғыз минуттық бөлігін әнші өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

Әртістің айтуынша, тыңдармандарымен тілдесу және ата-анасының бақытты екенін көру арқылы бақытқа бөленеді.

Димаш Қытайдағы өмір туралы айтып берді. Оған мемлекет халқының өзін қалай қарсы алғаны қатты ұнаған.

«Олар өте досшыл, менің қытайлық аудиториям қамқорға жандарға толы», — деп қосты әнші.

Сондай-ақ, ол музыка бизнесінің эпицентріне айналған АҚШ-қа көшіп, шығармашылығын сол жақта дамытуды жоспарлап отырғанын айтып өтті.

Десе де ол отбасы тұрып жатқан туған жерден артығы жоқ екенін бөлісті.

Әншінің тыңдармандары оны бірауыздан қолдап, сәттілік тіледі. Тіпті, бақыттан басы айналғанын жазғандар да бар.