Ринат Заитов жауапты қызметке тағайындалды

Ринат Заитов

Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрына айтыскер Ринат Зайтов директор болып тағайындалды. Бұл ақпаратты театрдың PR-менеджері растады.

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының бұрынғы директоры басқа қызметіне ауысуына байланысты өтініш жазған. Бүгін Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев келіп тағайындады. Бұған дейін бұл қызметті атқарған кісі басқа жұмысқа ауысып, қызметінен кетті», – деді театрдың PR-менеджері.

Айтуынша, Ринат Зайытов қазір театрды аралап, жұмыс орнымен танысып жүр.

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: