Нұр-Сұлтанның сол жағалауында болған оқиғаның видеосы тарап кетті (Видео)

Нұр-Сұлтанның сол жағалауы

Елордада гүл дүкенінің маңында адамдар жиналып, көлік кептелісі болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға куәгерлер.

Оқиға Мәңгілік ел даңғылындағы Dream City тұрғын үй кешені маңында болған.

Жуырда әлеуметтік желіде гүл дүкені ашылатыны жарияланды. Блогерлер iPhone 12, AirPods, Apple Watch сағаты және Volkswagen Polo көлігі ойнатылатынын хабарлаған еді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)


Дүкеннің Instagram-дағы аккаунты оқиға орнынан тікелей эфир жүргізді. Олар жиналғандарға арнайы бағдарлама әзірлеген. Видеода адамдардың бетперде таққанын көруге болады. Алайда ешкім әлеуметтік қашықтық сақтап тұрған жоқ.

Sputnik Қазақстан тілшісі гүл дүкеніне хабарласты. Алайда олар басшылық пен қызметкерлердің қолы бос емес деп жауап берді.

Бұдан соң Instagram-да адамдар тым көп болғандықтан, ұтыс кейінге қалғанын хабарлады.

Sputnik Қазақстан осы оқиғаға байланысты денсаулық министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сұрау жолдады.

7 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан астанасы коронавирус таралуының «сары» аймағында тұр. Қалада мониторингтік топтар карантин талабының бұзу жағдайларын анықтауда. Бас мемлекеттік санитар дәрігер қаулысына сәйкес, адам көп жиналатын шараларды өткізуге тыйым салынды.