«Сүйінші!» Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қуанышты хабарды жариялады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сарапшылары әлемде коронавирустың таралу қарқыны баяулағанын мәлімдеді. /sputnik.kz/

«Біз бірқатар елде коронавирусты жұқтыру көрсеткішінің төмендегенін байқап отырмыз», – деді ДДСҰ сарапшысы Мария ван Керкховен.

Оның айтуынша, бұған вирустың таралу тізбегін тоқтататын шараларды қолданудың арқасында қол жеткізілген. Ол вакцинаны коронавируспен күрестің тағы бір «қуатты құралы» деп атады.

Сонымен бірге, Керкховен науқастар саны азайып жатқан елдерді COVID-19-пен күрес шараларын одан әрі сақтауға шақырды.

Бұған дейін ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус COVID-19 вакцинасын қабылдаған адамдар саны вирусты жұқтырғандар санынан асып түскенін мәлімдеген болатын.

«Бір жағынан, бұл жақсы жаңалық және қысқа уақыт ішінде қол жеткізілген таңғажайып жетістік. Бірақ вакциналаудың төрттен үш бөлігінен астамы әлемдік ЖІӨ-нің 60%-і шоғырланған небәрі он елде жүргізіліп жатыр», – деп атап өтті ол.

Гебрейесус халықтың едәуір осал бөлігін және медицина қызметкерлерін вакциналап үлгерген мемлекеттерді жаппай вакциналауды бастамас бұрын артық екпені басқа елдермен бөлісуге шақырды.

Қазақстандағы жаппай вакциналау

Еске сала кетейік, 1 ақпанда Ресейде шығарылған «Спутник V» препаратымен COVID-19-ға қарсы вакциналау басталды. Бірінші кезеңде вакцинаны дәрігерлер қабылдайды.

15 ақпаннан бастап Қазақстанда өндірілген вакцина пайдаланылады. Жылдың екінші тоқсанында отандық QazCovid-in екпесімен вакциналау жоспарланып отыр.

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: