«Тағы да 18 жастағы чемпион!» Азия чемпионын өлтіріп кетті

Азия чемпионы

Ақтөбеде каратэдан 18 жастағы Азия чемпионы Дәулет Хайролла көз жұмды. Қаралы хабарды Sputnik Қазақстанға Ақтөбе облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров растады.

«Иә, қаза болғаны рас», – деді ол.

Айтуынша, 18 жастағы спортшыны жанжал кезінде өлтіріп кеткен. Қазіргі кезде күдіктілер ұсталған.

Sputnik Қазақстан Ақтөбе облысының полиция департаментіне де жүгінді. Әзірге жауап жоқ.

Киокушинкай каратеден 2018 жылғы Азия чемпионы атанған Дәулет Хайролла қоңыр белбеу иегері болған.

Сондай-ақ, ол келесі аптада Қазақстан кубогы үшін өтетін жарысқа баруы керек еді.