17-қабаттан ішінде сәби жатқан колясканың үстіне құлады: Ер адамның кім екені анықталды

601e18a4d15ce568212192 696x374 1

Ресейдің Воронеж қаласында ер адам 17-қабаттан құлап, аулада арбада болған баланың үстіне түсті. Терезеден құлаған адам Воронеж мемлекеттік өнеркәсіптік-гуманитарлық колледжінің 20 жастағы студенті екені анықталды, деп хабарлайды РИА Новости.

​Интернетте оқиғаның видеосы пайда болған еді.

​Ақпарат көзінің дерегінше, оқиға бейсенбі күні болған. Ал құтқарушыларға қоңырау 17:03-те түскен.

«Биіктіктен құлаған ер адам оқиға орнында, ал арбадағы бес айлық нәресте жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды», – делінген ақпаратта.

Жергілікті басылымының хабарлауынша, қайтыс болған нәресте отбасындағы жалғыз бала болған.