Мәжіліс депутаты Әлімжанов қайтыс болды

Мәжіліс депутаты

Бұрынғы мәжіліс депутаты, ірі бизнесмен Исахан Әлімжанов өмірден озды.

«2020 жылдың 9 желтоқсанында «АЛСИ» компаниялар тобының негізін қалаушы және тұрақты басшысы Исахан Молдаханұлы Әлімжанов өмірден өтті. Ол 30 жылдан астам уақытын компанияға арнап, сый-құрметке бөленді. Исахан Молдаханұлы ұжымына үлгі, тәлімгер, дос болды. Ол біздің есімізде мәңгі қалады», – делінген «АЛСИ» компаниялар тобының хабарламасында.

Исахан Әлімжанов 1959 жылы 7 тамызда дүниеге келген. Ол екінші шақырылған мәжіліс депутаты, төменгі палатаның бюджет және қаржы комитетінің мүшесі болды. Ол Қазақстандағы алғашқы ірі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) компанияларының бірін құрды.