Заңсыз такси болып жүргендерді билік енді жақсылап қысады

такси

Заң бұзушылар ресми такси (көлігінің сәйкестігі мен құжаттарының заңға сәйкестігін тексеру) мен бейресми таксистер арасынан анықталады. Сосын жылжымалы бекеттер жолға шығады.

Көліктік бақылау инспекциясы бекеттерінің жұмысын реттейтін Ережеге енгізілейін деп отырған өзгертулер олардың қызметкерлеріне заңсыз таксистерді ұстап, жазалауға жол ашады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ҚР ИИДМ Көлік комитеті хабарлады, деп жазады Kolesa.kz.

Бұған дейін рейдтік және арнайы алдын алу шараларын Көлік комитетінің қызметкерлері Ішкі істер органдарымен бірлесіп өткізіп келген.

Өзгерістер жақын арада жарияланып, тексерушілердің өкілеттіктерін кеңейтеді.

Заң бұзушылар ресми такси (көлігінің сәйкестігі мен құжаттарының заңға сәйкестігін тексеру) мен бейресми таксистер арасынан анықталады. Сонымен бірге жылжымалы бекеттер жолға шығады.

 

Рейдтер барысында заңсыз таксистер жиі жиналатын жерлерге: базарлар, теміржол және автовокзалдар, ірі сауда, ойын-сауық орталықтары маңындағы алаңдарға және т.б. жерлерге назар аударылады. Таксистің таксист екенін тез танып қою үшін инспекция қызметкерлері көлікке жапсырылған такси белгілерін, жүргізушілердің таксистке тән тіміскі жүрісі мен клиент шақырып тұратын тірлігін аңдитын болады. Бірақ заңсыз таксистерді тексеру үшін жол учаскелерін жабуға дейін бармаймыз, дейді Комитеттің адамдары.

Бақылаушылар таксистерге қарсы рейдтерге кейде ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлерін ертіп шығатын болады.

Қазір ресми такси қызметіне қойылатын талаптар «Автомобиль көлігі туралы» заңда жазылған. Барлық ережелерге сай тіркелген таксистерге арнайы автобус жолағымен, оның ішінде Алматыдағы BRT жолағымен жүруге рұқсат.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 613 бабына сәйкес, көліктік бақылау бекеттеріндегі (оның ішінде жылжымалы бекеттердегі) қызметкерлердің талаптарын орындамау 30 АЕК айыппұлмен жазаланады, бір жыл ішінде құқық бұзушылық қайталанған жағдайда жүргізуші 6 айға жүргізуші куәлігінен айырылады.