Нұр-Сұлтан орталығында тұрғын үй коттеджі өртеніп жатыр

sd 750x418 1

Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің аумағы 150 шаршы метрді құрайды.

3ac7e476 3bd7 4898 8e86 4be702f9fb0b

Нұр-Сұлтанда, Чубары шағынауданында екі қабатты коттедж өртенді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, үйде жалға алушылар тұрған, деп хабарлайды Liter.kz.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, сағат 11.40-та қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне Темірқазық көшесінің бойында екі қабатты коттедждің шатыры мен оған бекітілген уақытша ғимараттың өртеніп жатқандығы туралы хабарлама келіп түскен.

3108499

Жеті минуттан кейін оқиға орнына өрт сөндірушілер келді.

Өрттің ауданы 150 шаршы метрді құрайды. Қазіргі уақытта ТЖМ-нің 19 қызметкері өртті өшіруге тырысуда.

Rating
( No ratings yet )
Like this post? Please share to your friends: