Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер жаңа Қаулыға қол қойды

санитариялық дәрігер

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер жаңа Қаулыға қол қойды

Қаулы 2020 жылғы 27 қазанда сағат 00:00-де күшіне енеді.

Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов 23 қазандағы №59 жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Құжатта Қазақстанның мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын күшейту көзделген.

Қаулыға сәйкес, Қазақстанға келетін барлық әуе жолаушылары нәтижесі шыққанына 3 күннен аспаған COVID-19-ға ПТР-тест өткені туралы анықтама ұсынуы қажет. 5 жасқа дейінгі балаларға анықтама қажет емес, бірақ баланы ертіп жүрген адамдарда болуы керек.

Қаулыда нақты жазылмаған, бірақ ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ПТР-анықтамасы жоқ қазақстандықтардың ұшып шығатын елде ұшаққа кіруіне жол берілмейтінін растады. Бірақ кейбір жағдайлар жеке-жеке қарастырылатын болады. Келгендердің температурасын Қазақстанның әуежайларында өлшеу керек. Егер ол жоғары болса, онда ПТР-тестінің болуына қарамастан, олар инфекциялық ауруханада оқшауланған болады. Транзиттік жолаушылар транзиттік аймақтан шыға алмайды.

Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхаты бар Қазақстанға келген азаматтар анықтама болмаған жағдайда, ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеруден өту үшін карантиндік ауруханада 2 күн оқшаулауға жатады. COVID-19-ға тексеру нәтижелерін алғаннан кейін, теріс нәтиже шыққандар тиісті қолхат жазып, оларға COVID-19-дың болуы мүмкін белгілері туралы түсіндіріледі. COVID-19 расталған адамдар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады, делінген қаулыда.

Теміржол, теңіз, өзен көлігі және автомобиль өткелдеріндегі мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері арқылы Қазақстанға келетін адамдарға да осыған ұқсас схема қолданылады.

Яғни, олар міндетті түрде мерзімі үш күннен аспаған ПТР анықтама ұсынуы керек. Дене қызуы жоғары адамдар ауруханаларда оқшауланады. Қазақстан арқылы транзитпен өтетін халықаралық жүк тасымалының көлік жүргізушілері термометриядан өтеді және анкета толтырады.

Қазақстанда екіжақты халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілер, сондай-ақ теміржол, теңіз және өзен көлігімен тасымалдау қызметімен байланысты адамдар термометриядан және сауалнамадан, сондай-ақ ПТР тестінен өтуі керек. Оң нәтиже шыққан жағдайда дәрігерлер тексереді. Егер коронавирус белгілері болса, ол инфекциялық ауруханаға жатқызылады. Егер COVID-19 белгілері болмаса, оған межелі жеріне жеткен кезде ауруханаға баруға кеңес беріледі.

Бұдан әрі бас санитарлық дәрігер қаулысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне халықаралық жолаушылар ағынын шектеуді қамтамасыз ету қажет дейді.

Әуе компаниялары ПТР анықтамасы жоқ Қазақстан Республикасының азаматы емес жолаушыларды әуе кемесіне отырғызбауы тиіс. Әуе кемесіне тіркеу, отырғызу және түсіру кезінде әуе жолаушылары арасында қауіпсіз арақашықтық (кемінде 1 метр) және маска режимі сақталуы керек.

Ұшу кезінде әуе кемесінің салонында жолаушылардың қозғалысы, сондай-ақ дәретхана алдында адамның жиналуы шектеледі.

Қаулы 2020 жылғы 27 қазанда сағат 00:00-де күшіне енеді. Толығырақ мына жерде.