Нұр-Сұлтанда сауда үйінде болған жағдайдың видеосы желіде тарап жатыр

13218236

Әлеуметтік желіде оқиға куәгерлері түсірген видео пайда болды. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізді. Нұр-Сұлтанда полиция «Әлем» сауда үйінде жатқан иесіз сөмкені тексерді. Ішінен тыйым салынған және қауіпті зат табылған жоқ, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне қалалық полиция департаменті.

Әлеуметтік желіде оқиға куәгері түсірген видео пайда болды. Ол ғимаратқа «бомба қойылды» деп мәлімдейді. Автор сауда үйіне келгендердің сыртқа шығарылғанын айтты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Здравствуйте были в Алеме торговый центр Заложили бомбу говорят

Публикация от Астана Сергек (@astana_sergek_kz)

«20 қазан сағат 13.27-де «102» нөміріне Бөгенбай батыр даңғылындағы «Әлем» сауда үйінің бірінші қабатында белгісіз ер адам қара түсті сөмке қалдырып кеткені туралы хабар түсті. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізді, оның барысында рюкзактан тыйым салынған немесе қауіпті заттар табылған жоқ», – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.

Қазір сауда үйі штаттық режимде жұмыс істеп тұр, сөмкенің иесі анықталды.

Айта кетейік, кеше Алматыда «Қаратал» бизнес орталығынан 300-ге жуық адам эвакуацияланды. Ол жерде де орталықтың бірінші қабатында әйел сөмке қалдырып кеткен еді.