Қайғылы оқиға: ер адамды өлтіріп, денесін өртеп жіберген

Қайғылы оқиға

Түркістан облысының тұрғынының жанып кеткен денесі  табылды. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары жоғалған адамды дереу іздеуге кіріскен.Олар оның өртеніп кеткен көлігін Шымкенттің шетінен тауыпты. Біраз уақыттан кейін жүргізушінің өртенген денесі Ордабасы ауданының Шұбарсу ауылының маңындағы егістіктен табылған.

Сақшылар қылмыс болған жерді, марқұмның өмір салтын, әлеуметтік ортасы мен таныстарын мұқият зерттеп, аумақты тінтіп, ықтимал куәгерлермен сұхбат жүргізеді. Бір аптадан кейін күдіктілермен бірге Жамбыл облысынан келе жатқан ВАЗ көлігі тоқтатылып, 4 жігіт ұсталған.

Анықталғандай, олар Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Күдіктілердің барлығы бұрын бірнеше рет сотталған.