Оқушы қыз әкесімен болған жанжалды желіде жариялады

Оқушы қыз

Оқушы қыз әкесімен болған жанжалды желіде жариялады

Мектепте ата-аналар, педагог, психологтармен полиция қызметкерлерінің кездесуі өтпек. Құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр

Әлеуметтік желіде Атырау облысында жасөспірім қыз жүктеген видео тарап кетті. Кадрда әкесі ыдыс жумағаны үшін қызға ұрсып жатыр. Оқиғаға қатысты облыстық білім басқармасы түсініктеме берді.

Ведомствода видео авторы анықталғанын хабарлады. Ол қыз 11- сыныпта оқиды.

Мектептегі шараларға белсенді қатысады, оқуы да жаман емес.

«Ол көпбалалы отбасының тұңғышы. Әкесі арнайы техниканың жүргізушісі. Видео жарияланған соң жасөспірімге психологиялық-педагогикалық көмек көрсетілді. Ата-анасымен де жұмыс жүргізілді», – деді білім басқармасында.

Қыз болған жағдайды 18 қазан күні видеоға түсіріп, желіде жариялаған.

«Жасөспірімді соққыға жығу фактісі анықталған жоқ. Мәселе талқыланған соң, қыз мектептің чатында сыныптастарынан кешірім сұрап, видеоны таратпауды сұрады», – деді ведомствода.

Мектепте ата-аналар, педагог, психологтармен полиция қызметкерлерінің кездесуі өтпек. Құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.

© sputnik.kz