Нұр-Сұлтанда өрттен екі адам қаза болды

өрттен

Өрттің шығу себебі, темекі тұғырынан болған.

Бұл оқиға  17 қазанда сағат 17: 09-да орын алды, деп хабарлайды Qazbrand.info.

Өрт бес қабатты үйдің бесінші қабатындағы пәтерден шыққан. Тұрмыстық заттар мен тұрмыстық техникалар өртеніп кетті .

18: 08-де өрт сөндірілген. Өкінішке орай, 1949 жылғы әйел мен 1977 жылғы ер адам өрттен қаза болды.

Өртті сөндіруге 14 қызметкер мен 3 бірлік авариялық-құтқару құралдары, сонымен қатар полиция бөлімі мен жедел жәрдем қызметкерлері жұмылдырылды. Өрттің алдын-ала себебі сөндірілмеген темекі, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.