Петропавлда Елена Анискина есімді бойжеткен қиындықтар туғызбай тұрып, ақыл тісін жұлуға шешім қабылдады. Алайда, 10 күндік азап пен ауырсынудан кейін қыз дәрігердің жақ сүйегін сындырғанын білді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Еуразия” бірінші арнасына сілтеме жасап.
Бір ай бойы қалпына келтіру әрекеті нәтиже бермеген. Бет дұрыс біріктірілмеген сүйектен қисайған.
“Медбике менің жағымды ұстап тұрды, ол бірнеше рет өте қатты ұрды. Мен қорқып, көзімді жұмдым. Бәрі аяқталған соң, мен көзімді ашып қарасам, көйлегімнің қанға боялғанын, оның халатына қан шашырап, науқастың үстінде жанып тұрған шамның да қан болғанын көрдім”, – деді Елена Анискина.
Қыз 10 күн бойы аузын аша алмады. Шиналар тамақ ішуге мүмкіндік бермеді, балалар шырындарын түтік арқылы ішті. Сынық ауыр болды. Бір айдың ішінде Елена 42 келі болып қалды. Ол басынан өткен оқиғасын желіге жариялаған, сосын өзіне ұқсап зардап шеккендерден хат ала бастады.
“Менің жақ сүйегімді түзуледі, бұл кезде жақ біріктіріледі, оны темір доғасында ойықтармен ұстайды, сымдарды тістерге орайды, оны бұрап, тіске басады және осының бәрін резеңке таяқшалармен қатайтады”, – деді Анискина.
Кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін дәрігерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Емхананың барлық ұжымы оны қорғады. Олар бұған дейін жақты сындырғанын және болашақта да сындыратынын айтады, бұл тәжірибе, ерекшелік емес.
Сот-медициналық сараптамасы әлі дайын емес. Ал Еленаға екінші операция жасауды ұсынды. Енді одан бет асимметриясы байқалады. Жақ жылжып кеткен. Бірақ Елена тіс дәрігерлерінен қорқады. Ол тағы бір хирургиялық емге шыдамайтынын айтады.