Заманбек Нұрқаділов пен Мақпал Жүнісованың жас күніндегі фотосы жарияланды

Заманбек Нұрқаділов пен Мақпал Жүнісованың

Заманбек Нұрқаділов пен Мақпал Жүнісованың жас күніндегі фотосы жарияланды

Қазақстандық танымал әнші Мақпал Жүнісова мен жолдасы Заманбек Нұрқаділовтың бірге түскен суреті көпшілікті сүйсіндірді. Екеуінің жылдар бойы сақталған фотосы juldyzdar_alemi Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Oinet.kz.

Қоғам қайраткері әрі саясаткер, елге сыйлы азамат Заманбек Нұрқаділов пен Мақпал Жүнісованың бақытты күндерінен хабар беретін, естелікке толы фотоны көрген көпшілік ыстық ықыласын білдіруде.  – Иманы саламат болсын жаны жаннатты болсын Заманбектің. Жетпеген жақсылықтарын Мерей мен Мақпалга бұйыртсын. Қайран жастық шақ, әдемі естелік. Макпал нағыз халыктың әртісі, ақкөңіл, мейірімді, ешкімнің көңілін қалдырмайды, Мақпал апамызға Рахмет! Артық әңгіме айтудың қажеті жоқ. Бойында қазақи әйелдің қылықтары бар – дейді желі қолданушылары.