Ж.Бекшин карантин туралы қаулыға қол қойды
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантин шараларына қатысты қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қаулыға сәйкес мынадай шаралар сақталады:
– Бұқаралық іс-шараларға тыйым салу сақталады;
– Караоке, түнгі клубтар, кинотеатрлар, фудкорт және т. б. жұмыс істемейді;
– Бизнесмендер қызметкерлердің 30 пайызын қашықтан жұмыс істеуге ауыстыруы керек;
– Жолаушылар ағынын азайту мақсатында қоғамдық көліктің барынша көп шығуын қамтамасыз ету қажет;
– Аудан әкімдері мониторинг топтарының жұмысын жандандыруы тиіс;
– Кіреберістер мен балалар алаңдарын аптасына бір рет дезинфекциялау.