Ж.Бекшин карантин туралы қаулыға қол қойды

карантин

Ж.Бекшин карантин туралы қаулыға қол қойды

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантин шараларына қатысты қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қаулыға сәйкес мынадай шаралар сақталады:

– Бұқаралық іс-шараларға тыйым салу сақталады;
– Караоке, түнгі клубтар, кинотеатрлар, фудкорт және т. б. жұмыс істемейді;
– Бизнесмендер қызметкерлердің 30 пайызын қашықтан жұмыс істеуге ауыстыруы керек;
– Жолаушылар ағынын азайту мақсатында қоғамдық көліктің барынша көп шығуын қамтамасыз ету қажет;
– Аудан әкімдері мониторинг топтарының жұмысын жандандыруы тиіс;
– Кіреберістер мен балалар алаңдарын аптасына бір рет дезинфекциялау.

© Дереккөзі