Сақтаныңыз: Тағы үш симптом анықталды

симптом

Коронавирус жұқтырғаннан кейін пайда болатын тағы үш симптом анықталды

Бұлшық ет ауруы, тез шаршау және аяқтардағы ісік коронавирус инфекциясының тағы бір белгілері болуы мүмкін, – деп хабарлайды РИА Новости. ақпаратына сүйенген tengrinews.kz.

Мамандар симптомдар науқастың жасына және организмнің ерекшелігіне қарай әртүрлі болуы мүмкін екенін айтады.

Ұлыбританияның Денсаулық сақтау министрлігі жаңа симптомдарды COVID-19 индикаторлар қатарына енгізбеуге шешім қабылдаған. Бұл тестілеу орталықтарына шамадан тыс жүктеме түсіруі мүмкін. Бүгінде елде инфекцияның үш негізгі белгісі бар: дене қызуының көтерілуі, жөтел мен иіс сезудің өзгеруі не мүлде жоғалып кетуі.