«Таза болар көтенің»: Қазақстанда «Борат» атты әжетхана қағазы шығарыла бастады (ВИДЕО)

Борат
Қанат Әлжаппаров «Осыны ағылшын тілінде жазу керек. Жаппай пайдаланайық ағайын» деген бастама көтерді.

Әлеуметтік желіде «Борат» атты әжетхана қағазының «пайда болғанын» суреттейтін видео кеңінен тарап, көпшіліктің талқысына түсті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы kaz.nur.kz-ке сілтеме жасап.

Видеоны әлеуметтік желідегі парақшасында «Әзіл әлемі» театрының актері, Сыр елінің талантты тумасы Қанат Әлжаппаров жариялады. Кадрдан ер адамның жаңа әжетхана қағазы шыққанын өлең жолдарымен «жарнамалап» жатқанын байқау қиын емес.

«Ассалаумағалейкүм, Қазақ елі. Әжетхана қағазы «Борат», — деп таныстырды автор.

Ал роликті жүктеген әзілкештің өзі «Осыны ағылшын тілінде жазу керек. Жаппай пайдаланайық ағайын» деген бастама көтерді.

Мұны көрген желі оқырмандары «Оңбағанды осылай жазалау керек», «Осы қағазды экспортқа шығарайық», «Бұл қағазға сұраныс көп болайын деп тұр»,«Тегін тарату керек сияқты», «Осыны шығарған авторға үлкен алғыс» деген пікірлерін қалдырды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Осыны ағылшын тілінде жазу керек. Жаппай пайдаланайық ағайын.

Публикация от Қанат Алжапбаров (@alzhapbarov)