Енді «сыйлық» бере алмайсыз: Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Тоқаев

Тоқаев мемлекеттік қызметшілерге қатысты заңға қол қойды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын жобаларды сатып алу және іске асыру бойынша негізгі шешімдер қабылдайтын тұлғаларға таратылды

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан — SputnikТергеушілердің жауапкершілігі күшейтіліп, мемлекеттік қызметшілерге сыйлық жасауға тыйым салынды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Кейбір заңнамалық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Заң мемлекет басшысының жедел-іздестіру қызметін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың арандатушылық әрекеттері үшін қатаң жауапкершілік белгілеу туралы тапсырмасын іске асыруға бағытталған.

Мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйлықтарға, материалдық сыйақыға толық тыйым салынған.

Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама квазимемлекеттік сектор субъектілерінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын жобаларды сатып алу және іске асыру бойынша негізгі шешімдер қабылдайтын тұлғаларға таратылды.

Туыстардың бір ұйымдағы бірлескен жұмысының жекелеген мәселелерін реттеуге, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар туралы хабардар етуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің тұрғын үй төлемдеріне, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде комплаенс-қызметтер құруға және басқаларға бағытталған нормалар да көзделген.